2025 жылғы 18-22 қараша күндері Астана қаласында өткен халықаралық «Шабыт» шығармашыл жастар фестивалінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері жақсы нәтиже көрсетті.
Қытай, Түркия, Ресей, Италия, Қырғызстан және Өзбекстаннан келген музыканттар мен сарапшылардан құралған халықаралық қазылар алқасының шешімімен Гран-при жүлдесіне Музыкалық өнер факультетінің триосы – Гимран Нурайым, Ахметова Римма, Амалят Акерке ие болды. Сонымен қатар жүлделі ІІІ орынға Жидебай Миржан, Наурзбек Нурболат пен Махамбетов Адильхан триосы лайық деп танылды.
Бұл фестиваль жас өнерпаздардың кәсіби деңгейін анықтайтын беделді шығармашылық байқаулардың бірі саналады. Дарынды жастар жиналған байқауда топ жарған студенттерімізді жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы шығармашылық жолда толассыз шабыт пен жарқын белестер тілейміз.






