2025 жылғы 17-21 қараша аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы шет тілдер апталығы өтті. Биылғы жылғы апталық «ART Talks: the Essentials» тақырыбына арналды. Шет тілдер апталығының ұйымдастырушысы Шет тілдер және ҚХА кафедрасының меңгерушісі, доцент Ж.С.Канлыбаева. Тілдер апталығы аясында бірнеше іс-шаралар өтті:
17 қараша күні Тіл апталығының ашылу салтанаты «ART Talks: the Essentials» өтті, онда поэзия оқулары, ән айту мен би билеу, аспаптық музыка және интерактивті тіл ойындары болды. Барлық студенттердің өнер көрсетуі жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, көптілділік аясында өнердің алуан түрлілігін паш етті.
18 қараша күні 1 және 2 курс студенттері арасында «All-round English Quiz» өтті, онда қатысушыларға алты тақырып бойынша сұрақтар ұсынылды: «Өнер», «Әлемнің атақты жерлері», «Мейрамдар мен дәстүрлер», «Ұлы атақты адамдар», «Менің елім – Қазақстан» және «Ағылшын тілінде сөйлейтін елдер» туралы болды. Бірінші орынды «Sahna Light» командасының қыздары, екінші орынды «Bad Boys» командасының жігіттері, ал үшінші орынды «Music» командасы иеленді.
19 қараша күні 1 курс студенттері арасында «Art Talks: The Essentials» сайысы өтті. Бұл байқаудың мақсаты – ағылшын тілін өнер мен мәдениет жайындағы жеке көзқарастарын білдіру құралы ретінде көрсету. Қазылар алқасының шешімі бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
- І орын – Юджэ Ника;
- ІІ орын – Каримова Айару;
- ІІІ орын – Үскенбаев Альтайр;
- Көрермен таңдаған жеңімпаз – Қапасова Жайна.
20 қараша күні 2 курс студенттеріне «Go Global» атты академиялық мобильділікке арналған ақпараттық семинар өтті. Мақсатымыз – студенттерді қолда бар мүмкіндіктермен таныстыру, олардың өз әлеуетін ашуға ынталандыру және халықаралық тәжірибе арқылы нарықта бәсекеге қабілетті маман болуға ұмтылдыру. Осы бағдарлама арқылы шетелде оқыған үш студент өз тәжірибелерін ортаға салды.
21 қараша күнін дәстүрге айналған өнер қонақжайында «The Most Important Thing We Concern About» тақырыбына арнадық. 1,2,3-курс студенттері қазіргі кездегі өздерін алаңдататын мәселелер туралы ойларын ортаға салу үшін жиналды. Қазіргі таңда қандай мәселелер мен қиындықтар бар екендігін айтып, талқылады. Бұл іс-шара достық пен сенімділікке толы ортада маңызды мәселелердің жаңа түсініктерін ашуға мүмкіндік берген мысал болды. ағылшын, қазақ және орыс тілдерінде өтті.
Тілдер апталығын өткізу Академияның Шет тілдер және ҚХА кафедрасының дәстүріне айналды, жыл сайын бұл іс-шара жаңа мазмұнмен толықтырылып, мәдениетаралық қарым-қатынас тұлғасын қалыптастыруға ықпал етіп келеді.







