«Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасы
Көрнекті жазушы, прозаик, сценарист Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған («Дәуір және тұлға» ғылыми жобасы аясында)
«ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК – МӘДЕНИ КЕҢІСТІКТЕ» ғылыми семинары
| 2023 жылдың 19 желтоқсанында Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы «Дәуір және тұлға» ғылыми жоба аясында көрнекті жазушы, прозаик, сценарист Шыңғыс Төреқұлұлы Айтматовтың 95 жылдығына арналған «ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВ – ЕУРАЗИЯЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ  КЕҢІСТІКТЕ» тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Ұйымдастырушылар: Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасы, Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА;Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институты;Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Мақсаты, идеясы: Ғылыми семинардың мақсаты сан қырлы және Ш.Айтматовтың шығармашылық мұрасының қазіргі қоғам мен әдеби зерттеулер үшін өзектілігі мен маңыздылығына байланысты: • Ш.Айтматовтың өмір жолы мен өмірбаянын қарастыру, • Ш. Айтматов шығармаларының өзектілігін бағалау; • Ш. Айтматов идеяларындағы универсалды элементтердің көрініс табуы; •Ш. Айтматов шығармашылығына оның этникалық және мәдени қатысымдық ерекшелігінің әсерін талдау; • Ш.Айтматовтың шығармасынан тәрбиелік мақсатта қандай тағылым мен құндылықтар алуға болатынын түсіну. Ғылыми семинардың қонақтары: «ҚазҰУ және «Флагман» – The Language Flagship Overseas Халықаралық білім беру жөніндегі Американдық кеңес арасындағы Келісім» бағдарламасы бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА арасындағы 2023 жылдың 18 сәуірінде қол қойылған № 08-23/027 Меморандум негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері: Эбби Фитч, Михаэла Стромберг қатысты. Алғы сөз және баяндама: Шаймерденова Мендыганым Джамалбековна – тарих ғылымдарының кандидаты, ҚХА мүшесі, ҚХА ҰЭТ мүшесі, Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының профессоры. Тақырыбы: «Шыңғыс Айтматовтың әдеби мұрасы: тарихи-мәдени контекст». Шақырылған спикер: Шаймерденова Нурсулу Жамалбековна – Филология ғылымдарының докторы, Түркітану және Алтайтану ғылыми-зерттеу институтының директоры, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің орыс филологиясы және әлем әдебиеті кафедрасының профессоры (Казахстан Республикасы, Алматы қ.). Тақырыбы: «Ш. Айтматов шығармашылығы: ұлттық образдардан жаһандану үдерістеріне дейін». Қорытынды сөз: Канлыбаева Жанат Серікбайқызы – ф.ғ.к., доцент, Шет тілі және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі. Музыка факультетінің 1 курс студент: Дамир Үйсімбаев | 









