Silk Road Co-Performances: Жібек жолы бойындағы бірлескен перформанстар – Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясындағы экологиялық интермәдени театр бойынша халықаралық шеберлік сабағы | ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ
kz ru en

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

kz ru en

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ

  • Біз туралы
    • Басшылық
    • Қызметтер және бөлімдер
    • Факультеттер
    • Ғылыми кеңес
  • Академия
    • Құжаттар
    • Вакансиялар
    • Оқу процесі
    • Күміс университеті
    • Шығармашылық жұмыстар
    • Оқу театры
    • КӨРМЕЛЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТУЫНДЫЛАРДЫ САҚТАУ
    • Біліктілікті арттыру бөлімі
    • Байланыстар
  • Талапкерлерге
    • Бакалавриат
    • Магистратура
    • Докторантура (PhD)
    • Ашық есік күндері
  • Студенттерге
    • PLATONUS
    • LMS Moodle
    • Сабақ кестесі
    • Академиялық ұтқырлық
    • Академиялық күнтізбе
    • Психологиялық қызметі
    • Реквизит
    • “Шәкен” кино клубы
  • Ғылым
    • ҚазҰӨА ДИССЕРТАЦИЯЛЫҚ КЕҢЕСІ
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
    • Ғылыми кадрларды даярлау бөлімі
    • Ғылыми-инновациялық бөлімі
  • Кітапхана
    • Электронды кітапхана
    • Электрондық каталог
    • Электрондық каталогта кәсіби іздеу
    • Оқырмандар кабинеті
8 727 272 97 72
(Қабылдау комиссиясы)
kaznai@art-oner.kz
Панфилов көшесі, 127, Алматы, Қазақстан
Басты Жаңалықтар Silk Road Co-Performances: Жібек жолы бойындағы бірлескен перформанстар – Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясындағы экологиялық интермәдени театр бойынша халықаралық шеберлік сабағы
Silk Road Co-Performances: Жібек жолы бойындағы бірлескен перформанстар – Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясындағы экологиялық интермәдени театр бойынша халықаралық шеберлік сабағы

30/03/2026

Жаңалықтар

Silk Road Co-Performances: Жібек жолы бойындағы бірлескен перформанстар – Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясындағы экологиялық интермәдени театр бойынша халықаралық шеберлік сабағы

2026 жылғы 25–30 наурыз аралығында Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында “Silk Road Co-Performances: Creating Ecological Intercultural Theatre with University Students from China, Kazakhstan, Turkey and Serbia” атты ғылыми-зерттеу жобасы аясында халықаралық шеберлік сабағы өтті.

Шеберлік сабағының авторы әрі жүргізушісі — Fei Liu, Уорик университетінің (Ұлыбритания) Creative Arts, Performance and Visual Cultures факультетінің 2-курс PhD докторанты. Жоба оның докторлық зерттеуі аясында жүзеге асырылып, жаһандық экологиялық дағдарыс жағдайында көркемдік және әлеуметтік өзара әрекеттесу формасы ретінде экологиялық интермәдени театр моделін әзірлеуге бағытталған.

Шеберлік сабағына «Театр өнері» және «Хореография» факультеттерінің ағылшын тілін меңгерген 20 студенті мен магистранты қатысты. Бес күн бойы қатысушылар практикалық бағыттағы қарқынды үдерісте жұмыс істеп, Eugenio Barba, Carolina Pizarro әдістемелері мен Фэй Людің авторлық тәсілдері негізінде тренингтер мен жаттығулар орындады.

Шеберлік сабағының модераторы әрі аудармашысы — «Сахна тілі» кафедрасының оқытушысы, 3-курс PhD докторанты Әбенова Әсем Ермахановна болды.

Алғашқы күні қатысушылар танысып, жұмыс мақсаттары айқындалып, шығармашылық үдерістің қағидалары белгіленді. Ең басты шарт — сенімге негізделген, бағалаусыз және барынша белсенді қатысуға бағытталған қауіпсіз шығармашылық орта құру болды. Кейінгі күндері студенттер дене пластикасы, сахналық әрекет және ұжымдық шығармашылық ойлау дағдыларын меңгерді.

Бесінші күні қатысушылар дайындаған перформанстардың қорытынды көрсетілімі өтті. Іс-шараға:
— проректор Қабыл Халықов,
— профессор Сания Қабдиева,
— жобаның ғылыми жетекшісі, профессор Милия Глухович,
— International Federation for Theatre Research президенті Бишнуприя Датт қатысты.

Қатысушылар 4 топқа бөлініп, жоғары кәсіби деңгей мен интермәдени өзара әрекетке қабілеттіліктерін көрсетті. Сарапшылар студенттердің шығармашылық әлеуетін жоғары бағалап, заманауи ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер туралы ақпаратпен бөлісті.

Шеберлік сабағы аясында жобаның келесі кезеңіне қатысушылар іріктелді. Академияның профессорлық-оқытушылық құрамының шешімімен 1-курс магистранттары — Маженов Тұрсын және Заханова Арухан таңдалды. Олар Қытайда өтетін жобаның финалдық кезеңіне қатысады.

Қатысушыларға толық қаржыландыру (ұшу, тұру, тәуліктік) қарастырылған. Сонымен қатар, Әбенова Әсем Ермахановна да жобаға қатысады. Бұл жоба қазіргі театр өнерінің маңызды бағыттарын — экология, интермәдени диалог және бірлескен шығармашылықты көрсетеді. Экологиялық интермәдени театр жаһандық мәселелерді түсінуге және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін жаңа көркемдік ойлау формасы ретінде қарастырылады.

Іздеу

Хабарландырулар

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

17.04.2026

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ!

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

10.04.2026

XVIIIреспубликалық пәндік олимпиадасының ІІ республикалық кезеңі

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

10.04.2026

Ғылым апталығы аясында өткізілетін «Көркемсурет» кафедрасының Мерейтойлық көрмелер және Дөңгелек үстелдер:

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

08.04.2026

«BAIKONUR+07 –  Сан мен сана өнер кеңістігінде»

  • Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі
  • “Таза Парақтан” Реттеу жобасы туралы
  • Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған стратегиялық жоспары

Санаттар

  • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Хабарландырулар

Біздің әлеуметтік желілеріміз

Қабылдау комиссиясы

БАКАЛАВРИАТ:

8 (727) 272-46-74

МАГИСТРАТУРА:

8 (727) 338-35-61

Академияның ресми сайтына қош келдіңіздер! Біз өз жұмысымызда ашықтық, инклюзивтілік және қоғамға деген ықпал жасауға ұмтыламыз. Сіздің қолдауыңыз бен қатысуыңыз біз үшін өте маңызды.

Академия

Құжаттар

Электрондық пошта:

kaznai@art-oner.kz

Ректордың қабылдауы:

8 (727) 338-35-55

Баспасөз қызметі:

8 (747) 331-43-24

© 2025 ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫ.