• 24.04.2024

«Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан Орталық мұражайының ғылыми экспедициялары»

Авторkaznai

Сәу 20, 2023

2022 жылдың 18-20 сәуір аралығында «Бейнелеу өнерінің тарихы және теориясы» кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент, музейтанушы, ICOM мүшесі Мадина Зұлпыхарқызы Мұсаханова Ресей мемлекеттік кітапханасы, Еуразия кітапханалар ассамблеясы, Ресей Федерациясының Мәдениет министрлігі ұйымдастырған «Румянцев оқулары – 2023» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.

«Румянцев оқулары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясының мақсаты – дүниежүзілік мәдени мұраны сақтау және зерттеу мәселелеріне, сондай-ақ қазіргі тарихи кезеңдегі кітапханалардың қызмет ету мәселелеріне назар аудару, келешегі бар мұраларды іздеу, дамыту жолдары, мәдениет, білім, ғылым мекемелері арасындағы мәдениетаралық өзара әрекеттестік пен ынтымақтастықты кеңейту .

Профессор Мұсаханов М.З. «Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан Орталық мұражайының ғылыми экспедициялары» тақырыбында баяндама жасады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия