• 27.05.2024

Speech Contest

Авторkaznai

Сәу 19, 2024

2024 жылы 12 сәуірде Алматы қ., Неміс-Қазақ университетінің ұйымдастыруымен ағылшын тілінде көпшілік алдында сөйлеу дағдылары бойынша студенттер арасында – Speech Contest конкурсы өтті. Аталған іс-шараға Темірбек Жүргенов Қазақ ұлттық өнер Академиясының студенттері, “Шет тілдер және ҚХА” кафедрасының оқытушылары доцент Искакова А.О., аға оқытушылар Туремуратова К.Ж., Султан Ж.С. және оқытушы Ким Т.С., жетекшілігімен бірнеше студенттер қатысты. Байқауға КИМЭП университетінің, Қазақ-Неміс университетінің, Сүлейман Демирел университетінің, Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің және Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенттері қатысты. Оның ішінде музыка факультетінің 2 курс студенті Ерубаева Камила (доцент Искакова А.О.) «Музыкадағы әйел бейнесі: бұл неге проблема» тақырыбындағы қойылымы 1 орынға ие болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия