Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Театр өнері факультеті 6В02192 – «Актерлік өнер» білім беру бағдарламасының «Музыкалық театр артисі» бейіні бойынша 1-курс студенті Білал Айбақыт ХХ Халықаралық көпжанрлы «Stars of KZ» өнер байқауында «Фортепиано» номинациясы бойынша І орын иегері атанды.
Бұл жетістік – студенттің музыкалық орындаушылық шеберлігі мен шығармашылық ізденісінің, сондай-ақ кәсіби даярлығының нәтижесі.
Жеңімпазды халықаралық байқауға жоғары кәсіби деңгейде дайындаған ұстазы, профессор Сұлтанғалиева Эльмира Сәкенқызына шәкірт тәрбиелеудегі еңбегі мен өнерлі жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға қосқан үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіреміз!
Білал Айбақытты және ұстазы Эльмира Сәкенқызын халықаралық байқаудағы айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жас өнерпазға жаңа шығармашылық белестер, ал ұстазына кәсіби табыс, сарқылмас шабыт және дарынды шәкірттерінің толағай жетістіктеріне куә бола беруін тілейміз!




