• 21.11.2024

Стартаптарды ұйымдастыру және стартап жобаларға қатысу бойынша семинар

Авторkaznai

Окт 10, 2024

9 қазан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында стартаптарды ұйымдастыру және стартап жобаларға қатысу тақырыбында семинар өтті. Іс-шараға стартапқа қызығушылық танытатын және өз жобаларын жасағысы келетін оқытушылар, докторанттар, магистранттар мен студенттер жиналды.

Семинарды академияның ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Қабыл Халықов қауымды негізгі баяндамашы — «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасының доценті, экономика ғылымдарының кандидаты Қуат Мұсабаевты таныстырды.

Қуат Мұсабаев өз сөзінде стартап заңнамасына қатысты мәселелерге жан-жақты тоқталды. Дайын өнім шығармайтын стартаптар көбінесе заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелмейтіндігін айтты. Баяндаманың негізгі тақырыптарының бірі стартаптарға арналған жаңа платформаларды талқылау болды, олар барған сайын метаәлемде – Интернетте орналасады.

Бастапқы қаржыландыру көздеріне ерекше назар аударылды: мемлекеттік гранттар, венчурлық қорлар, акселераторлар, инкубаторлар, сондай-ақ, инвесторларды тарту. Спикер стартап-идеяны басқалар пайдалану қаупін болдырмау үшін оның құпиялылығын сақтау маңыздылығына тоқталды.

Семинарды ұйымдастыруды Академияның ғылыми-редакциялық бөлімі өз мойнына алды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия