• 28.09.2022

Startup-жобалар бойынша “КBTU Startup Incubator” менеджері Жанар Қажыбекованың семинары

Авторkaznai

Қыр 14, 2022

“Startup-конкурстар ұйымдастыру және Startup-жобаларға қатысу” тақырыбы бойынша  семинар өтті

13 қыркүйек күні сағат 12.00-де кинозалда Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА–ның ПОҚ мен білім алушылары үшін “Startup -конкурстар ұйымдастыру және Startup-жобаларға қатысу” тақырыбында семинар өтті.


Семинарды “КBTU Startup Incubator” менеджері Жанар Қажыбекова өткізді.

Ол Startup жобаларына қатысу және ұйымдастыру мүмкіндіктері мен перспективалары туралы айтып берді.

Жанар Қажыбекова негізінен IT-технологиялармен байланысты Startup жобаларының болашағы зор екенін айтады. “Болашақта барлық бизнес-жобалардың IT-жобалары болатынын ескерсек, Startup-жобаларының болашағы зор”, – деп санайды.

Семинардың презентациясымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: startup-course.com/dld

Семинардың бейнежазбасы осы сілтеме бойынша қол жетімді: https://youtu.be/6KWjIN74UNw

Startup жобалары туралы қосымша ақпаратпен 2000+ адамға арналған “Стартап мүмкіндіктері”телеграм-арнасында танысуға болады  ttps://telegram.me/startup_course_com/

Ұйымдастырушылар: ғылыми-редакциялық бөлімі, «Арт-менеджмент және продюсерлеу» кафедрасы, «КBTU Startup Incubator».

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия