2023 жылдың 22 қараша күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Өнертану» факультеті «Театр өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының «Театртану» бейіні бойынша білім алушылары арасында Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары байқауының I кезеңі болып өтті. Байқауға 1, 2, 3 курс студенттерінен барлығы – 10 білім алушы қатысып, өздерінің ғылыми зерттеу тақырыптары бойынша комиссия төрағасы мен мүшелерінің алдында қорғап шықты.

Байқау нәтижесі бойынша төмендегі студенттер жүлделі орындармен марапатталды:

  • І орын Диплом – Саду Ақерке (3 курс)
  • ІІ орын Диплом – Нисангалиева Алима (3 курс)
  • ІІ орын Диплом – Шеріхан Ұлпан (2 курс)
  • ІІІ орын Диплом – Жетпісбаев Тойбек (2 курс)
  • ІІІ орын Диплом – Сағынғалиева Динара (2 курс)
  • ІІІ орын Диплом – Гордиенко Дарья  (1 курс)

Сонымен қатар 1 курс студенттері Орынбасар Нарқыз, Абикен Зейнеп; 2 курс студенттері Тарлабек Айша, Өмірбекова Ұлболсын белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.