2026 жылғы 12 қазанда Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясының «Сән және костюм дизайны» кафедрасында «Fashion-дизайн» бағытының 4-курс студенттеріне арналған «Авторлық тоқыма» пәні аясында киіз басу бойынша шеберлік сабағы өтті. Шақырылған шебер ретінде суретші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Күлжахан Оңғарова қатысты.
Шеберлік сабағы барысында студенттер дәстүрлі киіз басу техникасымен, жүнді өңдеу ерекшеліктерімен және материалдың көркемдік мүмкіндіктерімен танысты. Алған білімдерін алдағы уақытта костюм дизайнын әзірлеуде қолдана алады. Қазақ мәдениетіндегі киіздің маңызы мен ұлттық қолөнер дәстүрлерін сақтауға ерекше назар аударылды.
Іс-шара студенттердің кәсіби білімін кеңейтуге және киіз басу әдісі арқылы авторлық тоқыма бұйымдарын әзірлеу дағдыларын дамытуға ықпал етті.







