• 22.12.2024

2022 жылдың 02 қарашасында Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы ректор аппараты мамандарымен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес — Жаңа Қазақстанның басым міндеті» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына «Саналы ұрпақ» республикалық жобалық кеңсенің басшысы Токушев Қайыржан Ахметбекұлы, Академия ректоры аппаратының маманы Әнуар Әскербек Әбдірахманұлы, «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі Әлімжанова Әлия Шарабекқызы, з.ғ.к. Үсенова Меруерт Баубекқызы, кафедра ПОҚ және академия студенттері қатысты.

Дөңгелек үстелдің мақсаты сыбайлас жемқорлықтың тұжырымдамалары мен тетіктерін ашу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық базасын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жариялау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы айту.

Модератор: Тауенов Қанатбек Ерғазыұлы

Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлық қоғамның, мемлекеттің және жекелеген азаматтардың мүдделеріне орасан зор, кейде орны толмас зиян келтіретіні атап өтілді. А. Мұсабекова, Ж. Дүйсекова (ғылыми жетекшісі М. О. Жұмағұлов) баяндамаларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің шетелдік тәжірибесі ұсынылды. Сондай-ақ дөңгелек үстелде сөз сөйлеген спикерлер оның ықтимал салдарын атап өтті.

Соңында Қайыржан Ахметбекұлы дөңгелек үстелге қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия