• 19.04.2024

«Сызықтар сыры» тақырыбындағы ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ өтті.

Авторkaznai

Жел 12, 2022

2022 жылдың 7 желтоқсанында Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі Темірбек Мәжитұлы Мұхтаровтың  «Сызықтар сыры» тақырыбындағы ШЕБЕРЛІК САҒАТЫ өтті.

Атыраудан Алматыға арнайы келіп, театр қайраткерлері мен суретшілерінің ортақ кәсіби мәселелерін көтеріп жүрген сценограф Темірбек Мәжитұлы Мұхтаров 2022 жылдың 7 желтоқсанында сағат 16.00-де Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының сценография мамандары мен шәкірттерге «Сызықтар сыры» тақырыбындағы ШЕБЕРЛІК САҒАТЫН өткізді. Бұл іс-шараға М.Әуезов атындағы Ұлттық академиялық қазақ драма театрының суретшілері Мұрат Сапаров, Қуат Түстікпаев, Атыраудан келген театр мамандары, журналистер де қатысты. Олар жаңа ғана Республикалық Ұлттық кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, сахна саңлағы, актер-режиссер Шапай Зұлқаш ағаны еске алуға жаңа ғана қатысып келгендерін айтып өтті.

Халықаралық театр фестивальдерінің лауреаты, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының бас суретшісі, «Махамбет атындағы сыйлықтың лауреаты», Мәдениет саласының үздігі сценограф Темірбек Мәжитұлы өзінің Түркияда, Қырымда Халықаралық театр фестивалінде бас жүлдеге ие болған «Жалғыздық», «Бас», «Клеопатра», «Медея», «Баянды бақыт» қойылымының сценографиялық жетістігімен бөлісті. Батыс өңірдегі театрлық мәдениетті көтеруде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері жемісті жұмыс істеуде екенін  айтты. Шеберлік сағат театр суретішісінің режиссермен жұмысы, театрдың жаңашыл бағыттары мен талғам, қолданылған технологиялардың қандай болатындығы сөз болды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия