Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Кітапхананың ұйымдастырумен «Тәуелсіздік және әдебиет» атты кітап көрмесі өтті.

Егемендіктен қуаттанған еліміз күннен-күнге қарыштап дамуда.

Бүгінде Қазақстан халықаралық аренада танымал болып, әлемдік экономикалық, саяси және мәдени салалар арасында лайықты орын алды.

Тұмарымыздай болған Тәуелсіздікке жету жолындағы бабаларымыздың ерлігінің өтеуі — осы күнгі ұрпаққа қасиетті борыш.