• 12.04.2024

«Тарихтағы ұлттық егемендік және тұлға: Темірбек Жүргенов»

Авторkaznai

Сәу 7, 2023

«Тарихтағы ұлттық егемендік және тұлға: Темірбек Жүргенов»

тақырыбына Ғылым апталығы

10–14 cәуір 2023 жыл

Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ – бұл әр кез ғылым жолын қуған жас ғалымдарға өзін танытуға, өз еңбектерін қалыптасқан ғалымдар мен ұстаздарға ұсынуға мүмкіндік. Бұл барлық факультеттерді қамтитын академияшілік ғана ғылыми қарым-қатынас емес, біз өз іс-шараларымызға республикадан және шетелден әріптестерді тартамыз. Осылайша, үнемі жетістік-жаңалықтармен тәжірибе алмасу іске асырылады.

Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына байланысты ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ биыл: «Тарихтағы ұлттық егемендік және тұлға: Темірбек Жүргенов» тақырыбына арналды. 11 сәуірде Т.Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Креативтік индустрия дәуіріндегі дизайн» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді; 12 сәуірде Қазақстан тарихы және қоғамдық ғылымдар кафедрасы «Т. Жүргеновтің Қазақстан мен Орталық Азияның білімі, ғылым және мәдениетінің даму рөлі» атты Халықаралық ғылыми-практикалықконференция өткізеді; 13 сәуірде ТМД елдерінің шығармашылық университеттерінің 2-курс магистранттары арасында «Жаңа өнер дәуіріндегі өнертанудағы пәнаралық зерттеулер» тақырыбында үшінші рет халықаралық үздік постерлік баяндамалар байқауы өтпек; 14 сәуірде Әмен Хайдаровтың 100 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді; Академияның Жас ғалымдар кеңесінің іс-шаралары, сондай-ақ, көрнекті мемлекет және қоғам және саяси қайраткер Темірбек Жүргеновке және Қазақстан Республикасындағы көркемдік білім мен ғылымды дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия