«Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы. 

Тәрбиелік шара: «Театр – өнер ғибадатханасы». 

Мақсаты: Студенттердің театрға деген қызығушылығын оятып, эстетикалық тәрбие арқылы шындық болмысты қабылдауы мен адамгершілік қасиеттерін дамыту. 

Ұйымдастырушы: доцент Сарсембаева Аида Жағфарқызы.

2024 жылдың 25 қыркүйегінде Театр өнері және Хореография факультеттерінің 2 курс студенттері гастрольдеп келген М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының  Н.В. Гогольдің пьесасы бойынша қойылған «Женитьба» атты спектаклін тамашалады.  Студенттер ұлы классиктің заманауи интерпретациясын қызығушылықпен қабылдады.