Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, Театр өнері факультетінің 3-курс студенті Дінмұхаммед Бекболатұлы «Жылдың үздік студенті» республикалық байқауында жеңімпаз атанды. Байқау қорытындысы бойынша білімге, өнерге деген құштарлығы мен шығармашылық әлеуеті үшін «Қазақстанның үздік студенті» мен «ТМД үздік студенті» екі бірдей атаққа ие болды.
Жастар саясатын дамыту және дарынды жастардың креативті идеялары мен жаңа бастамаларын қолдау мақсатында өткен байқауды «Жаңа Қазақстандық патриотизм» жобасы аясында «Bilim-Örkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы ұйымдастырды.
Бұл жоба еліміздің дарынды, ізденімпаз жастарын қолдауға бағытталған маңызды білім сайыстарының бірі саналады. Аталған байқауға қатысып, үздік нәтижеге көрсеткен студентіміздің жетекшісі – Гүлнар Аманжанова.








