• 03.05.2024

ТЕМІРБЕК ЖҮРГЕНОВТІҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ ХОРЕОГРАФИЯ ФАКУЛЬТЕТІ ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

2022 жыл 25 қарашада  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы  хореография факультетінде Темірбек Қарайұлы Жүргеновтің 125 жылдығына арналған «Жүргенов түлектері: Қазақстанның жоғары хореографиялық білімінің қалыптасуы мен дамуы» тақырыбында республикалық дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар ретінде факультеттің бастауында тұрған оқытушылар: Андосов Қадырқұл Нысанбайұлы, Шубладзе Ольга Борисовна және академияның әр жылдардағы түлектері қатысты: Туткибаева Гүльжан Усамбековна (ҚМАОБТ балет труппасының көркемдік жетекшісі), Алишева Алила Турсумбаевна (тәрбие жұмысы жөніндегі директор, ҚҰХА профессоры), Саитова Гульнара Юсуцповна (ҚҰХА профессоры ), Түкеев Мұрат Орындықпайұлы (А.В. Селезнев ат. АХУ директоры), Изим Тойган Оспановна (ҚҰХА профессоры), Гафурова Гульфида Шахиевна (Б. Аюхановтың жетекшілігімен ҚР ГАТТ педагог-репетиторы), Тургинбаева Айтолкын Несипбековна (ҚҰХА декан факультета хореографии).

Іс-шара барысында факультет оқытушыларының басшылығымен дайындалған студенттер мен магистранттар өз баяндамаларын оқыды: «Темірбек Жүргенов және Қазақстанның хореографиялық өнері» (1 курс магистранты Төлеген Ақжүнис, жетекшісі Аухадиев И. Р.), «Хореография» факультеті туралы (1 курс магистранттары Теңізбай А., Асылбекқызы Ж., жетекшісі Молдахметова А.Т.), «Болат Жантаевтың шығармашылық және педагогикалық қызметі» (4 курс студенті Нұрмағамбетова М., жетекшісі Аухадиев И. Р.).


Іс-шара  соңында жылы және достық жағдайда факультет оқытушылары мен білім алушылары ардагерлермен және хореографиялық білім мен өнердің көрнекті қайраткерлерімен әңгімелесті, осылайша Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясының хореография факультетінде ұрпақтар сабақтастығы ісіне өзінің баға жетпес үлесін қосты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия