12 желтоқсан күні Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында монографиялардың таныстырылымы мен шеберлік сағат өтті.
Іс-шара аясында төмендегі ғылыми еңбектер таныстырылды:
Мұқанов М.Ф. «Қазақстандағы сакрализация: мәдени мұраның далалық материалдары»
Досжанов Б.Т. «Қазақтың монументалды-сәндік кескіндемесі: дәстүрлер мен инновациялық даму модельдері»
Сонымен қатар Мәлік Мұқановтың шеберлік сағаты өтіп, монументалды өнердің өзекті мәселелері мен заманауи көркемдік тәжірибелер талқыланды.











