• 28.04.2024

«Шығармашылық үдерістегі дәстүрлі әдістердің маңыздылығы»

Авторkaznai

Қар 14, 2023

13 қараша күні «Сән және костюм дизайны» кафедрасы IED профессоры Фабрицио Перес Мартинеспен кездесу ұйымдастырды. Еуропалық дизайн институты дизайн, сән және визуалды коммуникация саласындағы ең беделді халықаралық жоғары оқу орындарының бірі болып табылады.

Профессор Фабрицио «Шығармашылық үдерістегі дәстүрлі әдістердің маңыздылығы» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді, онда студенттер мен оқытушылар дизайнерлер: Том Браун, Диор, Эрмес сән үйі, Изабель Марант, Валентино шығармаларының мысалдарын пайдалана отырып, дәстүрлі әдістермен және иконикалық элементтермен танысты. Сән түсінігі мен дәстүрлі киімдердің айырмашылығы көрсетілді. Дәрістің нәтижесінде дизайнерлер әр адамның эстетикалық әлемін жаңаша бейнелеуді және стильдермен үйлестіруді үйренді.

Сондай-ақ, профессор Фабрицио Перес Мартинес «Сән және костюм дизайны» ОП студенттерінің шығармашылық жұмыстарымен танысып, құнды кеңестер берді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия