• 25.04.2024

«Ел-бүгіншіл, менікі-ертең үшін»

Авторkaznai

Қар 15, 2021

2021 жылдың 8 қарашасында «Театр өнері» факультеті және Ғылыми-редакциялық бөлімнің ұйымдастырылуымен ұлтымыздың ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы туралы «Ел-бүгіншіл, менікі-ертең үшін» атты дөңгелек үстел өтті. Аталған шара 8-14 қараша аралығындағы ғылыми апталық аясында жүргізілді.

Аралас форматта өткізілген іс-шараның жүргізуші-модераторы – «Сахна тілі» кафедрасының аға  оқытушысы  Асылбек Ихсанов болды. Кеш аясында баяндамашы-қонақтар ретінде: белгілі тарихшы, жазушы, алаштанушы Бейбіт Қойшыбай; әдебиеттанушы Айгүл Ісімақова; А.Байтұрсынұлы музей-үйі «Тіл-құрал» ОӘҒЗО директоры, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ф.ғ.к. Райхан Имаханбет; «Ахмет.Ұлт ұстазы» сериалының режиссері Мұрат Есжан шақырылды. Қонақтардың баяндамасын қызығушылықпен тыңдаған студенттер, ұстаздар қауымы сауалдарымен ашылмаған тарихи сырлардың куәгері атанды. Қызу талқыласу барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры Әубәкір Рахимов А.Байтұрсынұлы жөнінде толғаныстарымен бөлісті.

Өткізілген іс-шараның соңы «Театр өнері» факультетінің деканы, PhD докторы Елік Нұрсұлтанның қорытынды сөзімен аяқталды.

Приемная комиссия