«Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының оқытушылары Күлдібаев Естай Қағазұлының, Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлының, Белгібаев Дамир Темірғалиұлының ұйымдастыруымен ғылым апталығы аясында жоғарғы оқу орындарының қатысуымен «ЕЛ ЕРТЕҢГІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!» тақырыбында интеллектуалдық-зияткерлік ойын өткізілді.
Іс-шараға Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті мен Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық университетінің студенттері қатысты.
Іс-шараның мақсаты:
1. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы аясында жастарға патриоттық тәрбие беру. Жастар арасындағы Отанына деген жауапкершілікті арттыру;
2. «ЕЛ ЕРТЕҢІ – БІЛІМДІ ЖАСТАР!» тақырыбын жан-жақты аша білу. Қазақ тарихының Тұлға, Ұлттық құндылық тақырыбын ашу;
3. Алматы қаласы жоғарғы оқу орындары студенттерінің арасындағы өзара ынтымақтастық, ғылыми, рухани байланыстарын нығайту.
Интеллектуалдық-зияткерлік ойын негізгі екі кезеңді қамтыды. Олар:
1-кезең. Интеллектуалдық сұрақ-жауап;
2-кезең. Старт-ап жобаны қорғау;
Бірінші кезеңде студенттер берілген ұяшықтарды таңдау арқылы 15 сұраққа жауап беріп, ҚызПУ — 170, ҚазҰПУ — 160, ал ҚазҰӨА — 110 ұпаймен үздік нәтиже көрсетті.
Екінші кезең бойынша, ҚазҰПУ “Кітап-білімінің тұңғиық теңізі” тақырыбында, ҚызПУ “Құмар ойынға тәуелділік: зияны мен шешу жолдары” тақырыбында, ҚазҰӨА “Дизайн – экономиканың даму факторы” тақырыбында өз жобаларын қорғап, әділқазы алқаларының шешімімен, ҚазҰПУ – 85, ҚызПУ – 90, ҚазҰӨА – 90 ұпайды еншіледі.
Қорытындылай келе, ҚызПУ – 260 ұпаймен 1-ші орынды, ҚазҰПУ – 245 ұпаймен 2-ші орынды, ҚазҰӨА – 200 ұпаймен 3 – ші орынды иеленді. Іс-шараға қатысушы ЖОО-ның студенттері зияткерлік ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына ризашылығын білдірді.