• 27.09.2022

Төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде тәрбие сағаты өтті.

Авторkaznai

Ақп 23, 2022

Дүниежүзілік азаматтық қорғаныс күніне орай, 22 ақпан күні Т.Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенттері үшін төтенше жағдайлардың алдын алу жөнінде тәрбие сағаты өтті. 

Іс-шараны Алматы қаласы Бостандық аудандық полиция Басқармасының жергілікті полиция қызметінің капитаны Керімбай Б., майор Ермаханбет Н., Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің аға офицері, азаматтық қорғаныс подполковнигі Бугабаев Б., Академияның азаматтық қорғаныс бөлімінің басшысы Абуов Н., Тәрбие жөніндегі меңгеруші Ибраева Г. жүргізді. 

Офлайн форматында өткен жиында азаматтық қорғанысқа, қауіпсіздікке, болуы мүмкін қауіп-қатерлер туралы мәлімет алуға, қауіп-қатерлер орын алған жағдайда оның зардаптарынан және басқа да төтенше жағдайлардан қорғалуға байланысты түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, арнайы бейнематериал көрсетілді. Жиынның келесі кезеңі төтенше жағдайлардың алдын алуға бағытталған тәжірибелік іс-шаралармен ұласты. Айрықша жағдайлардағы іс-әрекеттерге қорғаныс тәсілдері мн құралдары, оқу-жаттығулары ұйымдастырылды. 

Алдағы уақытта да мұндай іс-шаралар өткізу өз жалғасын таба бермек.

Приемная комиссия