• 19.04.2024

«Түркі әлемі: дәстүр, мәдениет, мұра» көркем-визуалдық байқауын өткізді.

Авторkaznai

Қаз 30, 2022

27 қазан күні сағат 12.00-де «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің бірінші және екінші курс студенттерімен «Ұлы даланың – ұлы есімдері» атты Тілдер апталығы аясында «Түркі әлемі: дәстүр, мәдениет, мұра» көркем-визуалдық байқауын өткізді.

Байқау үш кезеңнен тұрды:

  • 1. «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» авторлық байқау және шығармашылық жұмыстарды қорғау
  • 2. «Атадан қалған асыл сөз» мәнерлеп оқу байқауы
  •  3. «Ұлы түріктердің ұлы есімдері» эссе байқауы

 Байқау нәтижесінде студенттер дипломдармен марапатталды:

  •  1 орын – «Шамшырақ» тобы (1 курс,  «Театр және кино костюмдерінің дизайны», «Мүсін» мамандықтары);
  • 2 орын – «Яссы» тобы (2 курс, «Монументалды кескіндеме», «Станоктік кескіндеме», «Кітап графикасы» мамандықтары);
  •  3 орын – «Күлтегін» тобы (1 курс, «Монументалды кескіндеме», «Станоктік кескіндеме», «Кітап графикасы» мамандықтары).

Сонымен қатар, студенттер номинациялар бойынша марапатталды:

«Ең креативті»  – Сатыбалдиева Тоғжан (1 курс, Фэшн дизайн);

«Жоғары көркемдік деңгей» – Жиенғалиева Ақерке (1 курс, Монументалды кескіндеме);

 «Орындаушылық шеберлік» – Кульмачева Нұрай (1 курс, Театр және кино костюмінің дизайны).

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия