• 22.06.2024

“Түркі әлемі: тарихи – мәдени мұра және рухани сабақтастық”

Авторkaznai

Нау 1, 2023

24 ақпанда “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасында “Кино және ТВ” факультетінің студенттерімен бірлесіп өткен “Түркі әлемі: тарихи – мәдени мұра және рухани сабақтастық”  Ғылым апталығының жабылуы өтті. Барлық іс-шаралардың қорытындысы шығарылды. Апта ішінде келесі іс-шаралар өткізілді:

  • 1.NETWORKING «Түркі әлемі: тарихи – мәдени мұра және рухани сабақтастық»;
  • 2. NETWORKING/QUIZ/КВИЗ «Түркі өркениеті және әлемдік мәдениет»
  • 3. MEETUB «Түркі өркениеті: тарихи – археологиялық мұраларды қайта қалпына келтіру»
  • 4. STAND – UP SCIENCE «Поколение Z: мифы, модели коммуникаций, безопасность»
  • 5. HISTORICAL TOUR: «Семантика календарных праздников Республики Казахстан»
  • 6. SOCIAL START UP: «Түркі әлемі және Қазақстан»
  • 7. DIGEST: «Темирбек Жургенов и тюркский мир».

“Ұлы түркілердің мұрагерлері” атты  Ғылым апталығының жабылуында студенттер түркілердің кеңестік және қазіргі дәуірдегі көркем және деректі фильмдердегі түркі әлемінің әлеуметтік-саяси және мәдени тұжырымдамалық модельдеріне әсері туралы дайындады.

Мирас Рыспаев, Абылай Амантай, Андрей Волков, Санжар Әнуар түркі халықтарының кинематографиясы, ең кассалық фильмдер, фильмдердің мазмұны және олардың авторлары туралы бейне-эссе жасады.

Нусупова Залина “кинодағы Тәңірлік мотивтер” тақырыбында видеотүсіруінде , фильмдерді көрсетудің басты мақсаты – Тәңіршілдік түркі халықтарының мәдениетінде барекен дәлелдеді.

Кеңес дәуірі түріктер тарихындағы көптеген фактілерді бұрмалады, бірақ режиссерлер өз ленталарында болған дүниетаным мен оқиғаларды қорғай алды. “Манкурт”, “Отырардың өлімі немесе жаулап алушының көлеңкесі” фильмдерінде студент Аделина Алинова социализм дәуірінде түркі әлеміне шындықты ашу қаншалықты қиын болғанын талдады.

“Ұлы түркілердің мұрасы” – түркі халықтарының әлемдік өркениеттің дамуындағы тарихи рөлі, моральдіқө-этикалық тәрбиесі, түркі халықтарының дамуы туралы көптеген көрермендер үшін түсірілген деректі фильм осылай аталады. Фильмді біздің көруіміз үшін Санжар Исаканов дайындады.

Алынған ақпаратты бекіту үшін түркі өркениетінің мәдениеті, өмірі, тарихы туралы сұрақтармен квиз өткізілді.

Іс-шара соңында студенттік аудитория алдында “Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының меңгерушісі, профессор Әлімжанова Әлия Шарабекқызы өткізілген іс шаралардың маңыздығын зор екенін айтып, алғысын білдіріп сөз сөйледі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия