• 03.11.2024

«Түркі әлемінің бейнелеу өнеріндегі «Тұран» идеясы» тақырыбындағы ІІ секция отырысы өтті

Авторkaznai

Июн 5, 2023

30-31 мамыр 2023 ж. Академияда өткен Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтың 125 жылдығына арналған «Түркі мәдениеті: ортақ бастаулары және даму ерекшеліктері» тақырыбындағы мәдениет және өнер қайраткерлерінің халықаралық конгресі аясында 31 мамыр күні сағат 11.30-13.00 аралықта оқу театрында II секция отырысы болды. «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің ұстаздары, магистранттары және қонақтар қатысуымен өткізілген осы ІІ секция отырысында «Түркі әлемінің бейнелеу өнеріндегі «Тұран» идеясы» тақырыбы бойыншакелесібаяндамалар тыңдалды:

  1. Ахмедова Нигора Рахимовна – өнертану докторы, профессор, Өзбекстан Республикасының Көркемсурет академиясының академигі, Өзбекстан Республикасының Ғылым Академиясының Өнертану институтының бас ғылыми қызметкері (Ташкент қ., Өзбекстан) – модератор;
  2. Беристенов Жанарбек Танигазинович, философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық университетінің баспа-редакциялық және дизайнерлік өнер кафедрасының профессоры – «Көркемөнердегі Тұран романтизм бағыты ұлттық жаңғыру мен өнердегі ойларға сілкініс беретін бағыттардың бірі»;
  3. Әли Бақтыгереев, қылқалам шебері, суретші, О. Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің суретші оқытушысы, Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты – «Қазақ бейнелеу өнеріндегі ұлттық стильді іздеу (1960-шы жылдардағы суретшілер)»;
  4. Тайнов Серік Айтқазыұлы, қылқалам шебері, суретші, Т. Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет»  кафедрасының аға оқытушысы, Халықаралық Тұран көркемөнер сыйлығының лауреаты, «Бейнелеу өнеріндегі түркі мифологиясы»;
  5. Кайранов Ербол Бахарамұлы, PhD докторы, қауымд. профессор, Т.Жүргенов ат. Қазақ ұлттық өнер академиясының «Көркемсурет» кафедрасының доценті – «Алаш мәдениетінің заманауи орталығындағы монументалды өнердің қоғамдық маңыздылығы (Алматы қаласының метрополитені мысалында)»;
  6. Жақсымбет Ғани – Т. Жүргенов ат. ҚазҰӨА «Өнертану» білім бағдарламасының 1-курс магистранты – «Түркі халықтары бейнелеу өнеріндегі Қорқыт бейнесі».
    Баяндамалар ғылыми мақалалар түрінде Конгрестің материалдар жинағында жарияланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия