• 22.06.2024

«Түркі өркениеті және әлемдік мәдениет» тақырыбында NETWORKING/ QUIZ форматында іс-шара өткізілді.

Авторkaznai

Ақп 22, 2023

21.02.2023 күні “Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының доценті Күлдібаев Естай Қағазұлының ұйымдастыруымен ғылым апталығы аясында Театр өнері факультетінің 2 курс студенттерімен  «Түркі өркениеті және әлемдік мәдениет» тақырыбында NETWORKING/ QUIZ форматында  іс-шара өткізілді.

Іс-шараның мақсаты:

  • 1. Студенттерге  патриоттық тәрбие беру. Жастар арасындағы Отанына деген жауапкершілікті арттыру;
  • 2. Түркі өркениетінің әлемдік мәдениеттің дамуына қосқан үлесін, оның тарихи маңызын жан-жақты ашып көрсету;
  • 3. Дала өркениетінің маңыздылығын айқындау.

NETWORKING/ QUIZ форматында  іс-шара негізгі 4 кезеңді қамтыды. Олар:

  • 1-кезең. Берілген тақырыпқа презентация қорғау
  • 2-кезең. Интеллектуалдық сұрақ-жауап /видео сұрақтар/;
  • 3-кезең. Тақырыпқа сай театрландырылған көрініс;
  • 4-кезең. Таңдап алынған  суреттерге қарап тақырып ойлап табу, оны аша білу;

Іс-шара барысында екі топқа бөлінген студенттер 4 кезең бойынша да өте жақсы нәтиже көрсетті. Студенттерге шара соңында түркі мәдениетінен ақпарат беретін бағалы кітаптар сыйлыққа берілді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия