• 21.04.2024

«Түркі өркениеті: тарихи-археологиялық мұраларды қайта қалпына келтіру»

Авторkaznai

Ақп 24, 2023

2023 жылдың 22 ақпанында  сағат 10.00-де  «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының Ғылым апталығы аясында «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің 1 курс студенттерімен «Түркі өркениеті: тарихи-археологиялық мұраларды қайта қалпына келтіру» тақырыбында реставратор-зерттеуші Қырым Алтынбековпен көшбасшылық дәріс ұйымдастырылды. Дәріс барысында Қырым Алтынбеков археологиялық қазба барысында табылған темір, ағаш және тоқыма жәдігерлерін қайта қалпына жұмыстарының ерекшеліктерімен таныстырып, өз тәжірибесімен бөлісті. Шара студенттер үшін тың мәліметтерге толы болды. Студенттер өз ойын ортаға салып, зерттеуші-ғалымға сұрақтарын қойды. Мұндай кездесулер студенттердің Қазақстан тарихы бойынша білімдерін толықтыруға мүмкіндіктер береді.

Жауапты оқытушы: доктор PhD Нурмухамбетов А.А.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия