Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3-курс студенті, “Музыка өнері” факультетінің дарынды өкілі Санат Ақсуат “Әзірбайжан дауысы – 2025” жобасындағы жарқын өнерімен Global Voice халықаралық хит-парадына енді!
Санаттың таланты мен еңбекқорлығы қазақ өнерінің абыройын халықаралық деңгейде асқақтатып келеді. Бұл – академиямыз үшін зор мақтаныш!
Санат, шығармашылық табыс пен жаңа белестер тілейміз! Жұлдызың жана берсін!
