• 08.10.2024

«ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСІНДЕГІ ӨНЕРТАНУДЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ»

Авторkaznai

Қар 22, 2021

«ӨНЕРТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫНЫҢ АЯСЫНДА ОНЛАЙН ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

«Өнертану» факультетінің Жас ғалымдар Кеңесі мен ғылыми-редакциялық бөлім 2021 жылдың 10 қарашасында ғылым апталығының  аясында «ҰЛТТЫҚ САНА-СЕЗІМНІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КОНТЕКСІНДЕГІ ӨНЕРТАНУДЫҢ КӨРНЕКТІ ӨКІЛДЕРІ» тақырыбындағы дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты – жас ғалымдар мен студенттердің шығармашылық белсенділігін ынталандыру, өнертану ғылымы саласы бойынша зерттеу жұмыстарының сапасын арттыру. Аталмыш шараға «Кино тарихы мен теориясы», «Театр өнерінің тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы» кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы, докторанттары мен магистранттары және студенттер белсенді қатысып, тақырыпқа байланысты өз ойларын ортаға салды.

Дөңгелек үстелге кинотанушы, оқытушы Дана Әмірбекова модераторлық етті.

Онлайн дөңгелек үстелде төмендегі спикерлер көрсетілген тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды:

Гүлім көпбайқызы, «Кинотану» мамандығы бойынша 3 курс докторант – “Бауыржан Нөгербек шығармашылығы және қазақ киносы”;

Бейбіт Әлкеева, «Театртану» мамандығы бойынша 1 курс магистрант – “ҰЛТТЫҚ ӨНЕРГЕ ӨМІРІН АРНАҒАН САҢЛАҚ САХНАГЕР”

(С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған музыкалық драма театрының артисі, ҚР Халық артисі Досжан Әбдірәлімұлы Жанботаев шығармашылығы туралы зерттеу);

Сымбат Рахманали, «Өнертану» мамандығы бойынша 1 курс магистрант – “ Оңтүстік Қазақстан суретшілерінің гобелен өнеріндегі өзіне тән ерекшеліктері” (Расул Естемесов).

Дөңгелек үстел соңында факультеттің оқытушылары тарапынан тақырып қорытындыланып, баяндамышларға зор алғыс білдірілді.

Приемная комиссия