• 22.11.2024

Ұлттық мереке — Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өткізілді

Авторkaznai

Окт 24, 2023

2023 жылғы 23 қазан күні Алматы қаласындағы Республикалық Достық үйінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының ұйымдастыруымен ұлттық мереке — Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан Егемендік» атты мерекелік іс-шара өткізілді.   

    Іс-шараның мақсаты — ұлттық сана сезімнің жоғары деңгейін қалыптастыру, оның маңызды компоненттерін – қазақ халқының тарихын, тілін, салт-дәстүрлерін, өзіндік ерекшелігін, қазақ халқының ұлттық мүдделерін, сондай-ақ студент жастар арасында этносаралық толеранттылықты, қоғамдық келісімді және патриоттық тәрбиені қалыптастыру болып табылады.

Іс-шараның негізгі жұмыс бағыттары:

  • 1. Егемендік және еркіндік философиясы;
  • 2. Ұлттық құндылықтар — ұлт қазынасы;
  • 3. Егемен еліміздің болашағы — жас ұрпақтын қолында

Іс-шараны Алматы қаласындағы республикалық Достық үйі, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы ұймдастырады. 

Іс шараға қатысқандар:

        Алматы қаласы республикалық Достық үйі «Қоғамдық келісім» Республикалық мемлекеттік мекемесінің   директоры   Алтекова Нурсауле Абдыкадыровна

        МСМ «Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ  ұлттық өнер академиясының»     РММ  ректоры м.а. Ергөбек Шыңғыс Құлбекұлы

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының профессоры филос.ғ.д., проф. Ғабитов Тұрсын Хафизұлы

       Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к., профессор Алимжанова Алия  Шарабековна

       Алматы қаласы бойынша  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының   Ғылыми Сараптамалық Тобы  мүшесі,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы     

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Философия»  кафедрасының меңгерушісі  филос.ғ.к. Құранбек Әсет Абайұлы

       «Aigul Line» брендінің негізін қалаушы, Qazaq-Oner ұлттық ассоциациясының президенті, «Құрмет»  орденінінің иегері, «ЮНЕСКО» сапа белгісінің иегері, PhD докторы Жансерикова Айгуль Жексенбаевна

        Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің  «Дінтану» кафедрасының меңгерушісі  ф.ғ.к, доцент  Рыскиева Айымжан Әбуқызы

          Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің,  Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің,  С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің  студенттері.

        Іс шара барысында Qazaq-Oner ұлттық ассоциациясының президенті Жансерикова Айгуль Жексенбаевна «Қазақстан шеберлерінің» қолөнер бұйымдарының көрмесі ұйымдастрды.

         Іс шараның бірінші бөлімінде  25 қазан ұлттық мереке — Республика күніне арналған «Елдігімізді асқақтатқан   Егемендік» атты қалалық студенттік Форум өткізілді

       Баяндамашылар:

       Форумның ашылуын Мағжан Жұмабаевтың «Мен сенемін жастарға» өлеңінен басталды, өлеңді Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  1 курс магистранты  Югай Борис оқып берді 

         Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  3 курс студенті   Нұрділла Рамазан баяндама жасады. Тақырыбы: «Егемен Қазақстанға жастардың көзқарасы»

      Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті   Амангелді Шадияр баяндама жасады. Тақырыбы: «Егемен қазақ киносы»

       Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің  1 курс магистранты  Күләр Тұрысбек  баяндама жасады. Тақырыбы: Зайырлы қоғамдағы дін және руханият.

       Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің 1 курс студенті  Рахман Наурызбек баяндама жасады. Тақырыбы: «Егемен Казакстаннын медицинадагы жетістіктері мен ерекшеліктері»

       Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің  3 курс студенті  Тоқтарбек Мадина баяндама жасады. Тақырыбы: «Азаттық философиясы»

        Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті  Асылбеков  Наурызбай  іс-шараға өз өлеңін сыйға тартты.

         Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының 3 курс студенті   Хамидулла Шерхан  баяндама жасады. Тақырыбы: «Дәстүрлі ән — ұлт қазынасы»

      Казак улттык кыздар педагогикалык университетiнің 1 курс студентi Кабылбай Акторгын баяндама жасады. Тақырыбы: «Елдiн экономикалык дамындагы адами капиталдын ролi»

      Іс шараның екінші бөлімінде  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  студенттері  Мерекелік концерттік бағдарламасын ұсынды. 

        Іс-шараны Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының  3 курс студенттері  Хамидулла Шерхан    және  Кенжеғали Аружан жүргізді

      Іс-шараға жауапты: Алматы қаласы бойынша  Қазақстан Халқы Ассамблеясы Хатшылығының   Ғылыми Сараптамалық Тобы  мүшесі,  Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар» кафедрасының доценті. филос.ғ.к. Божбанбаев Бауыржан Мұратбекұлы     

Өткізілген мерзімі мен уақыты: 23 қазан 2023 жыл, сағат 10.00 

Өткізілген орны:  Республикалық Достық үйі, Құрманғазы 40.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия