«Сән және костюм дизайны» ОП 4 курс студенттері Садуахасова Дана мен Санамасова Айшаны құттықтаймыз!
EURASIAN FASHION WEEK – халықаралық жоба. Өтінімдерді 20-дан астам елден қатысушылар жіберіп, Дана Сәдуахасова мен Айша Санамасова ақтық ондыққа кірді.
FASHION FOR FULURE байқауының тақырыбы: «Болашақ үшін қайта өңдеу». Байқау критерийлері негізінде жас дизайнерлер ескі пайдаланылған заттар мен қайта өңделген материалдар негізінде экологиялық таза екі киім үлгілерін жасады.
Финалистер EFW бас продюсері Ирина Байжанованың дипломдары мен SizAL брендінен киім тігу үшін сыйлық сертификаттарын алды.