Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында  9-10  сәуір 2024 жылы I Камералық спектакльдер шеруі өтті.  Театр өнері факультеті, Музыкалық театр кафедрасының 6В02106-Театр режиссурасы білім беру бағдарламасы, Музыкалық театр режиссурасы бейінінің 3 курс студенті Әлібек Қосубақ Әлішер Рахаттың «Махаббатқа қызмет» драмасын сахналап, «ҮЗДІК РЕЖИССЕР» номинациясының жүлдегері атанды.