• 07.12.2022

VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі

Авторkaznai

Қар 2, 2022

2022 жылдың 27-қазан күні ҚазҰУ-де ЮНЕСКО-ның журналистика және коммуникация кафедрасының ұйымдастыруымен «Жаһандық медиа және ақпараттық сауаттылық» апталығы аясында VI Халықаралық күзгі PR медиа мектебі өтті.

Күзгі PR мектебінде БАҚ өкілдері, PR мамандары, Темірбек Жургенов оқытушылары мен Медиажурналистика мамандығының студенттері қатысып, танымал PR мамандарының шеберлік сыныптары және тәжірбие алмасу өткізілді.

VI Халықаралық PR күзгі мектебінің басты бағыттары бойынша медиасауат негіздері, блогосфера тенденциялары, таргетинг жарнамасы, тележүргізушінің имиджі, қазіргі медиадағы инфографикалық құралдар, ньюсмейкинг технологиялары, және подкаст жөнінде сабақтар жүргізілді.

Курсты тәмамдап , 72 сағаттық біліктілікті арттыру сертификатын 7 студент алды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия