Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының Асқар Тоқпанов атындағы Оқу театрында VIII Республикалық «Жас екпін» жас өнерпаздар байқауы өтті. Дәстүрлі өнер саласында жүрген жас дарындарды анықтап, бағыт-бағдар көрсету, шығармашылығына жол ашу – байқаудың басты мақсаты.
Байқауға 70 өнерпаз өтінім беріп, II кезеңге 28 қатысушы іріктеліп алынды. Қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталып, жүлделі орындармен марапатталды
Жеңімпаздар тізімі:
«Халық әні» номинациясы:
І орын – Ермұратұлы Асқат
ІІ орын – Әлдібай Таңжарық, Сеитова Томирис
ІІІ орын – Дәкен Ерназар, Жақсылық Қанатжан, Қабиденов Дидар
«Домбыра» номинациясы:
І орын – Қыдырбеков Мәди, Ерболқызы Гүлзада
2 орын – Әшен Дина, Жұмабек Қадыр, Қайыржан Дәулет
ІІІ орын – Бейбіт Нұрғиса, Қуанышбай Жанарыс, Червонов Темірлан, Шайқақов Әлқадыр
«Фольклорлық аспаптар» номинациясы:
І орын – Утегенова Айзат
ІІ орын – Болатова Айым
ІІІ орын – Баймыш Аяна
Өнер додасында бақ сынап, шеберлігін көрсеткен жас таланттарға алғыс білдіреміз.










