• 28.03.2024

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино және ТВ» факультеті, «Ойын киносының режиссурасы» білім беру бағдарламасының 5-курс студенті Рүстем Дастанұлын республикалық «Высокое небо…» деректі кино фестивалі аясындағы қысқаметражды деректі фильмдер байқауында жеңіске жетуімен шын жүректен құттықтаймыз! 

21-25 ақпан аралығында Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің ұйымдастыруымен өткен фестиваль қазақтың көрнекті режиссер-документалисі Ораз Әбішевтің құрметіне арналған. 

Студентімізге алдағы уақытта сарқылмас шабыт, шығармашылық табыс тілейміз. Жеңісті күндер көп болсын!

Приемная комиссия