• 22.11.2024

Зияткерлік меншік бойынша Вебинар

Авторkaznai

Фев 23, 2022

2022 жылдың 17 ақпанында ғылыми-редакциялық бөлім Ұлттық зияткерлік меншік институтымен (QazPatent) бірлесіп «Зияткерлік меншік ҚР креативті индустрияларын дамытудың негізі ретінде» тақырыбында вебинар өткізді.

Модераторлар ретінде «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) бас сарапшысы Ақерке Күнғазықызы мен ғылыми-редакциялық бөлімнің басшысы Дамир Дүйсенович Уразымбетов сөз сөйледі.

«ҰЗМИ» РМК директорының орынбасары Айша Бапыновна Жұмабекова және Т. Қ. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА-ның ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Қабыл Заманбекович Халыков құттықтау сөз сөйледі.



Вебинар тақырыптары мен спикерлері:

Раушан Давлетмурадовна Аввалова, авторлық құқық басқармасының басшысы

1. «Авторлық құқық объектілерін тіркеу рәсімі».

Аружан Асылбекқызы Ұлханова, «ҰЗМИ» РМК Зияткерлік меншік құқығы орталығының (IPR Center) аға сарапшысы

1. «Авторлық құқық объектілерін коммерцияландыру»;

2. «Авторлық құқық объектілерін қорғау құралдары».

Іс-шараға Т. Қ. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысты. Академия Kazpatent-ке вебинар өткізгені үшін алғыс білдіреді және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеді!

Сайтқа арналған материалдарды ғылыми-редакциялық бөлім қызметкерлері дайындады.

Приемная комиссия