• 15.06.2024

Р. В. ЗАХАРОВ АТЫНДАҒЫ «МАРИЯ» XIV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ХОРЕОГРАФТАР БАЙҚАУЫ

2023 жылдың 19-21 сәуір аралығында Мәскеу қаласы Ресей театр өнері – ГИТИС институтында (Ресей) Р.В. Захаров атындағы «Мария» XIV Халықаралық жас хореографтар байқауы өтті, оған Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы «Хореография» факультетінің «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 3 курс студенттері Сулейменова Далила және Вербова Богдан қатысты.

Конкурстық бағдарламаға хореографиялық өнер және білім беру саласында дайындықты жүргізетін Ресей мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттары, олардың ішінде: Ресей театр өнері институты – ГИТИС (Мәскеу, Ресей), Мәскеу мемлекеттік мәдениет институты (Мәскеу, Ресей), Ресей балет академиясы. А. Я. Ваганова (Санкт-Петербург, Ресей), Н.А.Римский-Корсаков атындағы Санкт-Петербург Мемлекеттік консерваториясы (Санкт-Петербург, Ресей), Санкт-Петербург мемлекеттік кәсіподақтар университеті (Санкт-Петербург, Ресей), А.И. Герцен атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік педагогикалық университеті (Санкт-Петербург, Ресей), Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы қатысты.

Шығармашылық сайыстың қорытындысы бойынша біздің студенттер келесі нәтижелерге қол жеткізді:

«Хореографияның музыкалық бейнесі үшін» қазылар алқасының арнайы жүлдесі – Сүлейменова Далила, Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 3 курс студенті.

2 дәрежелі Лауреат – Вербовой Богдан,  Темірбек  Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінің «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының 3 курс студенті.

Конкурсқа қатысушы студенттердің қойылымында хореографиялық композицияларды Әуелбек Дина («Хореография педагогикасы» кафедрасының 3 курс студенті) және Вербовой Богдан («Балетмейстелік өнер» кафедрасының 3 курс студенті) орындады.

Конкурсқа студенттердің қатысуын Темірбек Жүргенов атындағы ҚазҰӨА «Хореография» факультетінің оқытушылары арасынан жауапты ретінде Габбасова Гүльнара Надымовна («Балетмейстерлік өнер» кафедрасының аға оқытушысы) және Сушков Дмитрий Валентинович («Балетмейстерлік өнер» кафедрасының профессоры) жетекшілік етті.

Жеңімпаздарымызды және олардың жетекшілерін жас хореографтар арасында шығармашылық сайыста жоғары нәтижелерге қол жеткізуімен құттықтаймыз. Болашақта оларға жаңа шығармашылық жетістіктер мен жоғары кәсіби өсу және барлық бастамаларға сәттілік тілейміз!

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия