• 08.12.2024

«Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультетінің «Сән және костюм дизайны» кафедрасы  XV Республикалық пәндік олимпиаданың 1-ші турын өткізді. Конкурсқа «Сән және костюм дизайны» мамандандыруының 2-ші, 3-ші курс студенттері (19 адам) және «Сахналық костюм» мамандандыруының студенттері (7 адам) қатысты.

Конкурстың тақырыбы   — «Қазақстанның креативтік өнері» .

Тапсырма: таңдалған шығармашылық түпнұсқа негізінде костюмнің бейнелік-ассоциативтік қалыбын

а) эскиз ретінде салу

 немесе

б) түйреу әдісімен манекенге қалыптастыру.

Конкурстық комиссияның студенттер орындаған жұмыстарды талқылауы және бағалауы нәтижесінде жүлделі орындарға келесі студенттер ие болды: 

а) «Сән және костюм дизайны» мамандандыруы бойынша:

1-ші орын:

Хафизолла Аида (2 курс, Сж/еКД) — суретші Рашид Құлбатыровтың «Көшпенділер» атты картинасын шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған костюм эскизі үшін.

2-ші орын:

Талғат Нұрсауле (2 курс, Сж/еКД) — суретші Гульфайрус Исмаилованың «Алпамыс» операсына салған костюм эскиздерін шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған «Жақсылық пен жамандық»  атты эскизі үшін.

2-ші орын:

Куандыкова Перизат (2 курс, Сж/еКД) — мүсінші Зұлқайнар Кожамкуловтың металлолом және автозапчасттерден тұратын «Металлмен шабытталған» атты мүсінін  шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған эскизі үшін.

3-ші орын:

Санамасова Айша (3 курс, Сж/еКД) —  суретші Алмас Нұрғожаевтың «Қызыл кітап» картинасын шығармашылық түпнұсқа негізінде қолдана отырып салған «Қанды жебе»  атты эскизі үшін.

3-ші орын:

Жүніс Алуа (3 курс, Сж/еКД) –  гобеленші Гүлназым Өмірзақтың «Ел» атты гобеленін шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып салған «Шабыт» атты эскизі үшін

3-ші орын:

Сағынова Жұлдыз (2 курс, Сж/еКД) —  суретші Әбілхан Қастеевтің «Қалыңдық ұрлау» картинасын шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып салған эскизі үшін

б) «Сахналық костюм» мамандандыруы бойынша:

1-ші орын:

Нүсіп Тоғжан (3 курс, СК) – драматург К.Шахимарданның «Томирис» пьесасы бойынша кейіпкер «Томирис»-тің және Морис Метерлинктің ««Көк құс» пьесасы бойынша кейіпкер «Көк құс»-тың костюмдерінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін 

2-ші орын:

Рахымберді Аяужан (3курс, СК) драматург Исраил Сапарбайдың «Сыған серенадасы» атты музыкалық пьесасы бойынша кейіпкер «Изольда» костюмінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін 

2-ші орын:

Жаңбырбай Айдана  (3курс, СК) – «Мазасыз теңіз» тақырып бойынша бейнелік-ассоциативтік елестету негізінде «Теңіз»-бейнесінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін

3-ші орын:

Исабек Аружан  (3курс, СК) – Гомердің «Одиссея» атты ежелгі грек поэмасы негізінде кейіпкер «Навсикая» костюмінің қалыбын манекенге түйреу әдісімен қалыптастырғаны үшін.

3-ші орын:

Тоқай Аяжан (3 курс, СК) — М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесін және Е.Сидоркиннің «Жесір әйел» литографиясын шығармашылық түпнұсқа ретінде қолдана отырып, түйреу әдісімен манекенге орындаған «Қарагөз» атты костюм қалыбы үшін

3-ші орын:

Қабдолова Балерке (3курс, СК) — Г.Х.Андерсеннің «Қар патшайымы»

атты ертегісі бойынша манекенге тұйреу әдісімен қалыптастырған «Қар патшайымы» атты қостюм қалыбы үшін

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Приемная комиссия