2026 жылдың 20 сәуірінде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы базасында Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттері арасындағы ХVІІI Республикалық пәндік олимпиаданың ІІ кезеңінің ресми ашылу салтанаты өтті.
Аталған білім сайысы Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылып, еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерін біріктірді.
Салтанатты ашылу барысында Олимпиаданың маңыздылығы атап өтіліп, қатысушыларға сәттілік тілектер білдірілді. Іс-шараға еліміздің түрлі өңірлерінен келген жоғары оқу орындарының өкілдері қатысуда.
Олимпиада 2026 жылғы 20–24 сәуір аралығында өткізіліп, оның аясында студенттер өздерінің кәсіби білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетеді.










