Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында жыл сайынғы Ғылым апталығын өткізу игі дәстүрге айналды. 2026 жылдың 13-17 сәуір аралығында «Өнер мен көркем мәдениетті зерттеуде жасанды интеллект технологияларын пайдалану» тақырыбындағы ҒЫЛЫМ АПТАЛЫҒЫ — 2026 аясында келесі шаралар жоспарланды:
Ғылым апталығы — 2026. Бағдарламасы
13 сәуір күні сағат 11.00-де өтетін Ғылым апталығы – 2026 ашылу салтанаты (Кинозал).
13 сәуір күні 11.00-де «Ғылым апталығы» ашылу рәсімі шеңберінде «К.Смайылов оқулары» аясында өтетін «Заманауи БАҚ түрленуі мен қоғамдық пікір алаңы» атты ғылыми форумы (Кинозал).
13 сәуір күні сағат 14.00-де «Венгрия мен Қазақстанның креативті кеңістігіндегі мәдениетаралық коммуникация» халықаралық бірлескен ғылыми жобасы аясында профессор М. Фрешлидің «Жасанды интеллект өнер туындыларын талдау және түсіндіру құралы ретінде» тақырыбындағы шеберлік сабақ (Кинозал).
14 сәуір күні сағат 11.00-де анимациялық және деректі фильм режиссері Ерсайын Абдрахмановтың туғанына 80 жыл толуына арналған «Режиссер және ұстаз Ерсайын Абдрахмановтың мұрасы»атты дөңгелек үстел (Кинозал).
14 сәуір күні сағат 11.00-де Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші, академия профессоры М. Г. Калимовтың туғанына 95 жыл толуына байланысты және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, академия профессоры М. О. Айнековтың туғанына 85 жыл толуына байланысты жеке шығармашылық туындыларының біріккен естелік көрмелері (Бас фойесі).
14 сәуір күні сағат 12.00-де Т. Жүргенов ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші М. Г. Калимовтың туғанына 95 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел (Кітапхана).
14 сәуір күні сағат 15.00-де Т. Жүргенов ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші М. О. Айнековтың туғанына 85 жыл толуына байланысты дөңгелек үстел (Кинозал).
15 сәуір күні сағат 10.00-де «Science, Creative & Art Forum» атты VI қалалық студенттік жастар форумы (Кинозал).
15 сәуір күні сағат 10.00-де шығармашылық жоғары оқу орындарының магистранттары арасында VI халықаралық онлайн «Бейне лабораториясы: қазіргі заманғы көркем тәжірибедегі пәнаралық тәсіл» атты «Үздік постерлік баяндама» конкурсы (Ректорат залы).
16 сәуір күні сағат 10.00-де «XXI ғасырдағы ғылым, білім және өнер: даму векторлары, сын-қатерлер және интеграция» тақырыбында студенттер мен жас ғалымдардың VII халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы (Кинозал).
16 сәуір күні сағат 15.00-де «Өнер-2026» халықаралық шығармашылық жобалар мен стартаптар конкурсы (Кинозал).
17 сәуір күні сағат 14.00-де Ғылым апталығы – 2026 жабылу салтанаты (Кітапхана).







