1) 14 сәуір 2026 жылы сағат 11.00 – Ғылым апталығы аясында Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші, академия профессоры М. Г. Калимовтың (05.05.1931 – 03.11.2002 жж.) туғанына 95 жыл толуына байланысты және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші, академия профессоры М. О. Айнековтың (22.06.1941 – 19.09.2014 жж.) туғанына 85 жыл толуына байланысты жеке шығармашылық туындыларының біріккен естелік көрмелері ашылуы. Өткізілетін орны: Т. Жүргенов ҚазҰӨА бас фойесі, Алматы қ. Панфилов көшесі, 127;
2) 14 сәуір 2026 жылы сағат 12.00-де – Т. Жүргенов ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, белгілі суретші-кескіндемеші М. Г. Калимовтың туғанына 95 жыл толуына байланысты «Кескіндеме» БББ ұстаздары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысуымен Дөңгелек үстел өткізіледі. Модератор — доцент М. Ш. Сулейменов, көмекшілері – аға оқытушы К. Ж. Умбетова, А. М. оқытушы Нурбекова. Өткізілетін орны: Т. Жүргенов ҚазҰӨА кітапханасы, Алматы қ. Панфилов көшесі, 127;
3) 14 сәуір 2026 ж. сағат 15.00-де – Т. Жүргенов ҚазҰӨА-сының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, белгілі суретші-мүсінші М. О. Айнековтың туғанына 85 жыл толуына байланысты «Мүсін» БББ ұстаздары, студенттері, магистранттары және докторанттары қатысуымен Дөңгелек үстел өткізу. Модератор – профессор Е. Б. Кайранов, көмекшілері – аға оқытушы А. А. Орманбеков, оқытушы Қ. Б. Асылбай. Өткізілетін орны: Т. Жүргенов ҚазҰӨА Кинозалы, Алматы қ. Панфилов көшесі, 127.







