Ғылым күніне орай 30 сәуір күні өткен Ғылыми кеңес отырысында салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ведомстволық марапаттары академиямыздың бірқатар оқытушы-профессорлар құрамына табысталды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Алғыс хатымен төмендегі әріптестеріміз марапатталды:
- Володева Наталья Александровна – Сән және костюм дизайны кафедрасының доценті;
- Жумагулов Мейрбек Оңғарұлы – Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының аға оқытушысы;
- Нұрмұхамбетов Ардақ Амангелдіұлы – Қазақстан тарихы және әлеуметтік ғылымдар кафедрасының доценті.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің Құрмет грамотасымен марапатталғандар:
- Абельтаева Жанель Ертаевна – Эстрадалық оркестр аспаптары кафедрасының меңгерушісі;
- Қайранов Ербол Бахарамович – Көркемсурет кафедрасының профессоры.





«Ғылымды дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталғандар:
- Молдашева Анар Куангалиевна – Арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасының меңгерушісі;
- Есенбекова Гүлжанат Жумагалиевна – Компьютерлік технологиялар кафедрасының профессордың м.а.
Құрметті әріптестер, ғылым жолындағы ерен еңбектеріңіз үшін алғыс білдіре отырып, толағай табыстар тілейміз! Бұл марапаттар – сіздердің кәсіби шеберліктеріңіздің және ғылым мен білім саласына қосқан зор үлестеріңіздің жарқын дәлелі. Алдағы уақытта да ғылым мен білімді дамыту жолындағы игі істеріңізге сәттілік тілейміз!