• 28.04.2024

Ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Авторkaznai

Қыр 6, 2023

2023 жылғы 4-5 қыркүйекте Академия кинозалында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі тарапынан жаңадан түскен магистранттар мен докторанттарға арналған ғылыми-әдістемелік семинар өткізілді.

Аталған семинарда оқу бағдарламалары ескеріле отырып, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің білім беру саясатының мақсаттары мен міндеттері белгіленді, оқу процесінің перспективалары ұсынылды. Семинарда келесі баяндамалар жасалды:

  • 1.Оқу және оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректоры Ш. А. Амирбеков
  • 2. Ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры К. З. Халыков
  • 3. ЖОО кейінгі білім беру ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі А. А. Кульшанова – диссертациялық жұмыс ғылыми жетекшісінің мәртебесі
  • 4.Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімінің басшысы Ж. А. Тлеулинова – магистратура мен докторантурадағы оқу процесінің ерекшеліктері.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудегі оқу процесінің, ғылыми-зерттеу жұмысының ерекшеліктері туралы магистратура мен докторантураның келесі оқытушылары мен түлектері өз тәжірибесімен бөлісті:

  • 1. Қаржаубаева С. К. – диссертациялық кеңестің төрағасы, диссертациялық жұмыс және қорғау процесі бойынша ұсынымдар
  • 2. Альжанов Р.А. – докторантура түлегі “докторанттың өмірінен лайфхактар”
  • 3. Казыбекова Ж. А. – магистрлік диссертация жазу және ғылыми мақалалар жариялау бойынша әдістемелік ұсынымдар
  • 4. Мусабаев К. М. – магистранттың жобалық қызметі
  • 5. Ардашов Иван – “магистрлік диссертация жазу бойынша өмірлік лайфхак”

Семинарда баяндама жасағандар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, өз ұсыныстары мен тілектерін білдірді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Приемная комиссия