Бүгін Арт-менеджмент және продюсерлеу кафедрасының магистранттары диссертациялық жұмыстарын сәтті қорғап, Өнертану ғылымдарының магистрі ғылыми дәрежесін алды.
Ғылыми ізденісті тәжірибемен ұштастыра білген болашақ мамандар өз зерттеу жұмыстарында заманауи мәдениет, креативті индустрия, арт-менеджмент және продюсерлік қызметтің өзекті мәселелерін талдап, тың ой мен жаңа көзқарас ұсынды.
Құрметті магистранттар, ғылыми дәрежелеріңіз құтты болсын! Ізденіске толы ғылым жолында толағай табыс пен шығармашылық шабыт тілейміз.