Жас ғалымдар мен студенттер кеңесі академияның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және ҚР МСМ, ҚР БҒМ бұйрықтары мен нұсқаулық құжаттарына сәйкес жұмыс істейтін жас ғалымдар мен білім алушылардың ғылыми-зерттеу, шығармашылық және жобалық жұмыстарын ұйымдастыру бойынша Академияның барлық бөлімшелерінің іс-қимылын үйлестіретін қоғамдық орган болып табылады. Жас ғалымдар мен білім алушылар Кеңесі Ғылыми жұмыс жөніндегі проректормен, ЖООКБҒЗИ жетекшісімен, ғылыми-редакциялық бөлімнің жетекшісімен, факультет декандарымен және кафедра меңгерушілерімен байланыста жұмыс істейді.