• 26.04.2024

Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

Авторkaznai

Қар 22, 2021

Жастар – сыбайлас жемқорлыққа қарсы!

“Қазақстан тарихы мен әлеуметтік ғылымдар” кафедрасының оқытушысы Жұмағұлов Мейірбек Оңғарұлының жетекшілігімен 15 қараша күні онлайн түрде “Өнертану” факультетінің стунденттерінің арасында дөңгелек үстел форматындағы тәрбиелік іс-шара өткізілді.

Тәрбие сағатының барысында студенттер дайындаған баяндамалар қорғалды. Баяндамалардың тақырыбы сыбайлас жемқорлыққа қатысты ауқымды сұрақтарды қамтыды: сыбайлас жемқорлықты әлеуметтік феномен ретінде қарасытыру, сыбайлас жемқорлықтың тарихи түп-тамырлары мен күрделену жолы, сыбайлас жемқорлық – деструктивті мінез-құлық ретінде, сыбайлас жемқорлықпен қазіргі таңда күресу мен алдын алу жолдары. Баяндамалардың мазмұнында термин тереңнен қарасытрылды және ойды өрбітетін тезистер келтірілді.

  • Еркінқызы Ләйлі (2 курс Кинотану). “Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес”.
  • Дариева Жұлдыз (2 курс Театртану). “Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы”.
  • Болат Аружан (2 курс Кинотеледраматургия). “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес”.
  • Серікбай Меруерт (2 курс Өнертану), Руханова Ақдана (2 курс Өнертану). “Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары”.

Студенттер тақырыпты ашу үшін көзқарастардың соқтығысу жағдайларын ұйымдастырды. Мысал ретінде тақырыпқа байланысты социалды роликтің мазмұны талқыланды. Қызу талқылау үстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы этикалық көзқарастар қалыптасты. Іс шараның соңында, студенттер жарқын болашаққа деген үміттерін білдірді.

Приемная комиссия