09.04.2026 жылы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Хореография» факультетінде «Өзбек биінің стильдері» тақырыбында шеберлік сыныбы өтті.
Шеберлік сыныбын Өзбекстан мемлекеттік өнер және мәдениет институтының Нөкіс филиалының доценті Юлдашева Зухра Салиевна өткізді. Шеберлік сыныбына «Хореография педагогикасы» және «Балетмейстерлік өнер» кафедраларының студенттері қатысты.

















