2026 жылғы 9–12 ақпан аралығында Өзбекстан мемлекеттік хореография академиясында (Ташкент, Өзбекстан) Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының (Алматы) «Балетмейстерлік өнер» кафедрасының доценті, белгілі хореограф Габбасова Гүлнара Надымқызының шеберлік сабақтары өтті.
Шеберлік сабақтары заманауи би бағыты бойынша 1–4 курс бакалавриат студенттері мен хореографиялық өнер факультетінің профессор-оқытушылар құрамына («Хореография педагогикасы» және «Хореографиялық ұжым жетекшісі» кафедралары) арналды. Сабақтар «Хореография педагогикасы» (бейіндері: «Эстрадалық би және заманауи би») және «Хореографиялық ұжым жетекшісі» білім беру бағдарламалары аясында өткізілді. Шеберлік сабақтарына барлығы 40 адам қатысты. Сабақ барысында contemporary техникасындағы сабақ құрылымы, оқу комбинацияларын құрастыру, заманауи хореография композициясы мәселелері қарастырылып, қатысушылардың заманауи би саласындағы кәсіби дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық тәжірибе алмасуға және орындаушылық шеберлігін арттыруға бағытталды.












