2026 жылдың 08-10 сәуір аралығында т.ғ.д., профессор Кульшанова Арман Айыпбековна және өнертану кандидаты Қазыбекова Жайдаргуль Алмасовна Ташкент қаласына (Өзбекстан Республикасы) жұмыс сапары барысында білім беру және ғылыми-ағарту іс-шараларының кешенін жүзеге асырды.
Өзбекстан мемлекеттік консерваториясына қарасты Батыр Закиров атындағы Ұлттық эстрадалық өнер институтының базасында халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және Музыка өнері мен мәдениет тарихы саласында тәжірибе алмасуға бағытталған шеберлік сыныптары, дәрістер мен ғылыми кездесулер циклі өткізілді.
Сапар аясында «Өзбекстан мен Қазақстанның ЮНЕСКО тізімдеріндегі мәдени мұрасы: тарихи-хронологиялық және деректанулық талдау», «Фортепианолық миниатюра Өзбекстан мен Қазақстанның композиторлық мектептеріндегі көркемдік көрініс нысаны ретінде: салыстырмалы тәсіл» тақырыбында білім беру дәрістерінің топтамасы өткізілді.
Шеберлік сыныптардан бөлек, Батыр Закиров атындағы Ұлттық эстрадалық өнер институтының ректоры Мансуров Аваз Максудовичпен ресми кездесу барысында халықаралық конференциялар мен академиялық алмасуларды өткізуді қоса алғанда, одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
Өткізілген іс-шаралар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ғылыми және мәдени байланыстарды нығайтуға, кәсіби диалогты кеңейтуге және өнер және гуманитарлық ғылымдар саласындағы озық білім беру практикаларымен алмасуға ықпал етті.







